УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне Нью-Йорк қаласынан америкалық музыкант, гитарист, композитор, импровизатор әрі қазақтың дәстүрлі музыкасын шетелде насихаттап жүрген Джефф Герш келді.


Джефф Герш – қазіргі Нью-Йорк музыкалық ортасында танымал өнерпаз. Ол авторлық музыкалық жобалармен айналысып, түрлі концерттік алаңдарда өнер көрсетеді және әлем халықтарының музыкалық дәстүрлерін зерттейді.


Домбыраны еркін меңгерген музыкант қазақ күйлерін орындап, ұлттық музыкалық мұрамызды халықаралық деңгейде дәріптеп келеді. Сонымен қатар ол «Altyn Dombra USA» халықаралық челленджінің жеңімпазы.


Сапар барысында қонақ «Дәстүрлі ән» факультетінің студенттерімен кездесіп, домбырада күйлер орындап, сұрақтарға жауап беріп, өз тәжірибесімен бөлісті.


Кездесу студенттердің ұлттық музыкалық өнерге деген қызығушылығын арттырып, оны жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді.



ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.