Атақты орыс композиторы Сергей Рахманиновтың 150 жылдығына арналған «Романспен жүздесу» вокалдық музыка кеші 20.02.2024 ж. «Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы камералық залында өтті. Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының жетекші солисі, сопрано Бибігүл Жанұзақ пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері баритон Азамат Жылтыргөзов қатысты. Фортепиано партиясын Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Мадина Файзиева орындады. Бағдарламада композитордың атақты вокалдық шығармалары орындалды. Концерт классика өнерін сүйетін көрермендердің көңілінен шықты.
АНЫҚТАМА.
Мадина Файзиева – Өзбекстан мемлекеттік консерваториясының доценті. Пианист концерттерде өте белсенді. «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Дана Әменоваға берген сұхбатында ол қазақстандық өнерпаздардың еңбегін жоғары бағалады: «Астана Опера» театрының даңқы мен оның көрнекті солистері туралы көп естідім. Қазақстанның вокалдық өнері тембрлері бай, жарқын, күшті дауыстары бар қазақ әншілерінің арқасында бүкіл әлемге танылды». Осы сөзімен пианист Қазақстанның жетекші театры - «Астана Опера» сахнасына қалай келгені туралы сұраққа жауап берді.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.