УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

ӘЛЕМНІҢ  МӘНІ - ӘЙЕЛДЕ

7 наурыз күні Қазақ ұлттық өнер университетінде Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті. Университеттің қыз-келіншектерін осы тамаша мерекемен ректордың м.а., Қазақстан Республикасының  еңбек  сіңірген қайраткері, профессор Азамат Қайратұлы  Желтыргузов  құттықтады. Ол өз сөзінде әйелдердің қоғамдағы  және  отбасындағы  рөлін  атап  өтіп, аруларға  алғыс пен құрметін  білдірді және  көктемгі көңіл-күй  мен  зор денсаулық, еңбек пен  жеке өмірде сәттілік тіледі.

Құттықтау сөздерден кейін бір топ студент құшақ-құшақ  гүлдермен залға  жүгіре кіріп, отырған әйелдерге гүл сыйлады, ал бүкіл зал алқызыл қызғалдақ гүлдеріне бөленді.

Салтанатты жиын қызықты концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сырым Әбдіқадырұлы Қашқабаевтың шеберханасында дәріс алушы «Музыкалық театр әртісі» мамандығы  студенттерінің  өнер  көрсетуімен ашылды. Эстафетаны ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанқалдыбек Төленбаевтың шеберханасының  студенттері қабылдады.

Сахнаға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректор Нүкеев Марат Болатұлы «Сырлы саз» фольклорлық ансамблімен шықты. Одан кейін  Мақсат Мадыкәрімов жетекшілік жүргізетін  «Аллегро»  баяншылар   ансамблінің  орындауындағы  «Калинка» әнін  көрермендер  зор  қошеметпен  қарсы  алды.

Қабимолла  Жасұлан  жетекшілік  ететін  «Номад»  соқпалы  аспаптар  ансамблінің өнері көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды. Тағы да сахнаға хор ұжымдары шықты: Салтанат Тасмағамбетованың жетекшілігімен «Шабыт» студенттік хоры және «Елигай» балалар хоры - көркемдік жетекшісі Саида Құрманғазиева, хормейстер және дирижер Айдан Сатыбалды, концертмейстер Рауана Сауханова.
Концерт  жүргізушілері Мадияр мен Аян  залда  мерекелік  аура  құруға  көп  күш  салды. Және олары  сәтті болды.

Ректор м.а. А.Қ.Желтыргузов 8 наурыз мерекесіне орай университеттің барлық  қыз - келіншектеріне  ақшалай сыйақы берілетінін айтты. Міне, мереке деп осыны айт!

Қойылымдардың  ұйымдастырылуы  жоғары  деңгейде  болды. Ер-азаматтар! Сіздер жиналғандар арасында керемет көңіл-күй тудырып, көптеген  жағымды  эмоциялар  сыйладыңыздар. Университеттің әйелдер мен қыздар қауымы Сіздерге шын жүректен алғысын  білдіреді. Рақмет!!!


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.