2026 жылдың 17 қыркүйек күні ҚазҰӨУ-де «Ғылыми журналда мақала жариялау бойынша ұсынымдар» атты семинар өтті
2026 жылдың 17 қыркүйек күні Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде магистранттар, докторанттар мен оқытушыларға арналған ғылыми журналдарда мақала жариялау мәселелеріне арналған семинар өтті.
Кездесу барысында ғылыми мақалалардың құрылымы мен ерекшеліктері, редакциялармен жұмыс істеу тәртібі, жарияланымдарға қойылатын талаптар және қажетті құжаттарды дайындау мәселелері талқыланды.
Семинар бағдарламасында:
• журнал сайтына тіркелу және техникалық мәселелер;
• сапалы ғылыми мақаланың құрылымы мен негізгі ерекшеліктері;
• ғылыми жарияланымдарға қойылатын талаптар және құжаттарды дайындау;
• «Сұрақ – жауап» сессиясы және тәжірибе алмасу.
Кездесу қатысушылардың ғылыми жарияланымдарды дайындау бойынша практикалық білімдерін толықтыруға, өзекті мәселелерді ашық талқылауға және ғылыми-зерттеу жұмыстарына жаңа серпін беруге мүмкіндік берді.