2026 ЖЫЛДЫҢ 7–12 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗҰӨУ ӨКІЛДЕРІ ICTMD-НІҢ «MUSIC AND MINORITIES» АТТЫ 13-СИМПОЗИУМЫНА ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 7-12 қыркүйек аралығында Арменияның Ереван қаласында ICTMD ұйымының «Music and Minorities» атты 13-симпозиумы өтті. Басқосуға әлемнің әр түкпірінен келген музыка мәдениетін зерттеуші ғалымдар мен мамандар қатысты.
Қазақстан атынан форумға К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы, композитор әрі музыкатанушы Марианна Останькович және «Композиция» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Диляра Мұқанова қатысты.
Олар «Composition as an Act of Cultural Memory: Musical Strategies for Preserving Minority History» («Композиция мәдени жадының көрінісі ретінде: азшылық қауымдар тарихын сақтаудың музыкалық стратегиялары») тақырыбында баяндама жасады.
Симпозиум аясында ғылыми пікірталастар, кәсіби кездесулер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, музыкатанушылар, этномузыкатанушылар, мәдениет зерттеушілері және би өнерінің мамандары өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар халықаралық ғылыми және шығармашылық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Осындай халықаралық деңгейдегі ғылыми жиындарға университет оқытушылары мен студенттерінің қатысуы ҚазҰӨУ-дің әлемдік академиялық қауымдастықпен байланысын нығайтып, Қазақстанның музыкалық мәдениетін зерттеу бағытындағы еңбектердің халықаралық деңгейде танылуына жол ашады.