УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

     

    ПРЕСС - РЕЛИЗ
    «ТАР  ЖОЛ, ТАЙҒАҚ  КЕШУ»

    Мемлекет және қоғам қайраткері, халқымызға «қазақ» атын қайтарған біртуар ұлы, жазушы, драматург, ақын Сәкен Сейфуллин жайлы жазылған  «СӘКЕН» операсының авторлары қазақтың ұлтжанды қос дарыны:
    Әліби Әбдінұров - «Серпер» Қазақстан жастар одағының және «Дарын» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, композитор, дирижер, музыкатанушы;
    Қанат Жүнісов – Қазақстан Республикасы Театр Қайраткерлері одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Авторлар Қоғамының  Астана қалалық филиалының төрағасы, драматург, актер, ақын.
    Дауылпаз ақын, жазушы - драматург, публицист, сазгер, ұлы суреткер С.Сейфуллиннің қайраткерлік жолы мен қилы тағдырын баяндайтын «Сәкен» операсы саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздігіміз үшін күрескен арыстар рухына тағзым жасау және ұлы тұлғаларымызды опера жанры арқылы әлемге  таныту мақсатында жазылған авторлардың  жүрекжарды  шығармасы.
    «Сәкен» операсы қазақ опера өнеріндегі ұлт қайраткерлеріне арналған алғашқы қойылым. Бұл опера - ұлт ардақтыларының алдындағы өтелген парызымыз.

    Кәсіптік  деңгейде  жазылған  екі актілі «Сәкен»  операсы Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымына мерейтойлы 25 жылдығына орай ұсынылады.
    Тың туынды концерттік нұсқада сахналанады.
    Опера өте сирек жазылатын  күрделі Һәм  көлемді музыкалық  туынды және әлемдік мәдениетте де алар орны алдыңғы қатарда болғандықтан, қазақ өнерінің кезекті жеңісі деп қабылдау керек. Бұл шығарма орындаушылар мен  көрермендердің сүйікті қойылымына  айналады  деген ойдамыз.  

    Тұсаукесер салтанаты өтетін мекен жайы:
    Қазақ ұлттық өнер университеті, Орган залы, Жеңіс даңғ.,33

    Өтетін уақыты: 2024 жылдың 12 сәуірі, сағат 19.00

    Байланыс телефоны: 
    Әліби Әбдінұров   +7 777 255 7472  

    Қымбатты отандастар! Құрметті  өнер сүйер қауым!
    Сіздерді  ұлтымыздың ардақты азаматы, мемлекет қайраткері, дауылпаз ақыны СӘКЕН  СЕЙФУЛЛИН рухына арналған бірінші
    және бірегей операсының тұсаукесер салтанатында асыға күтеміз!
    Осы тарихи қойылымның алғашқы көрермендері болыңыз!


    ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

    Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

    Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.