Әлемге танымал Италияның әйгілі Аристон театрының сахнасында Қазақ ұлттық өнер университетінің дарынды балалар мектебінің 8 сынып оқушысы Нұрлыбек Әлихан және Қанаят Айғаным (7 жас) мен Рысқұлова Самина (9 жас) өнер көрсетті. Жас дарындардың өнерін 2000 астам көрермен тамашалады.
«GEF — Global Education Festival» конкурсының қазылар алқасының құрамында Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқытушысы, ҚР Мәдениет қайраткері, Мәдениет саласының үздігі, профессор Майра Дәулетбақ болды. Конкурс аясында Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек ері, профессора Айман Мұсахаджаева «GEF Music Award» жүлдесімен марапатталды. «Алтын дельфин» жүлдесі мәдениет, білім мен музыканың дамуына елеулі үлес қосқан мәдениет қайраткерлеріне берілетін халықаралық жүлде. Көркемдік жетекші Батыржан Смақовтың айтуынша бұл жоба Қазақстанның шетелдегі имиджін қалыптастыруға және жас орындаушыларға әлемдік музыка кеңістігіне шығуына, өзін танытуға оң әсерін тигізеді.
SANREMO JUNIOR халықаралық балалар конкурсы 17 сәуірде Италияның Сан-Ремо қаласында өтті. Биыл 15-рет ұйымдастырылған конкурсқа 26 мемлекеттен 6-15 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты.
Аталған конкурста «Sanremo Junior Kazakhstan 2024» алғашқы ұлттық іріктеуінен сүрінбей өткен қарағандылық Мағжан Мыңбаев Қазақстанның намысын қорғады. Халықаралық додада 11 жастағы қазақстандық өнерпаз II орынды жеңіп алды және «Музыкалық аспапта үздік орындаушы» деген арнайы сыйлыққа ие болды.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.