УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

     

    Қазақ ұлттық өнер университетіне Күләш Байсейітованың есімі берілді

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Қазақ ұлттық өнер университетіне Күләш Байсейітованың есімі берілді. Бұл туралы мемлекет басшысы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында айтты.

    Күләш Байсейітова – Қазақтың көрнекті әншісі, драмалық актриса, КСРО халық әртісі, КСРО мемлектеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның музыкалық-драмалық өнерінің негізін салушылардың бірі.

    Күләш Байсейітова Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы Жібектің, Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсындағы Ажардың, М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсындағы Сараның және тағы басқа әйел образдарын көркемдеуі қазақ опера өнерінің алтын қорына енді. Оның Баттерфляй (Дж.Пуччини «Чио-Чио-сан»), Татьяна (П.Чайковский «Евгений Онегин»), Тамара (А.Рубинштейн «Демон»), Маро (З.П.Палиашвили «Даиси») және Алтыншаш (Н.Жиганов «Алтыншаш») сияқты классикалық опералардағы партияларды орындауы да айрықша болды.

    Дарынды тұлға қоғамдық қызметте де белсенділік танытты, ол Қазақ театр қоғамының ұйымдастырушысы және тұрақты жетекшісі болды, Бейбітшілікті қолдаушылардың ІІ Дүниежүзілік конгресі жұмысына қатысты. 

    К.Байсейітова 1934 жылы «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі» атағына ие болды, ал 1936 жылы оған «КСРО халық әртісі» құрметті атағы берілді. Сол кезде ол осы атаққа ие болған ең жас әртіс еді. 

    «Қазақтың бұлбұлы» атанған көрнекті әншінің есімі республикада жетекші өнер оқу орындарының бірі болып табылатын Қазақ ұлттық өнер университетіне берілуі Күләш Байсейітованың атын мәңгі сақтауға және жас ұрпақты мәдени-патриоттық тұрғыдан тәрбиелеуге өз үлесін қосады.


    ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

    Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

    Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.