Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымын ғылыми аккредитациядан сәтті өтуімен, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісінің куәлігін алуымен құттықтаймыз!
Бұл біздің университеттің бүкіл ғылыми қауымдастығы үшін маңызды жетістік, себебі біз алғаш рет ғылыми қызметті ресми түрде жүргізуімізге ие болып отырмыз. Енді біз гранттық жобалар мен бағдарламаларға қатыса аламыз, бұл біздің профессорлық-оқытушылық құрамның зияткерлік әлеуетін іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазіргі жағдайда ғылым барған сайын маңызды рөл атқарады. Ғылыми қызметті жүргізу білім беруді және жалпы қоғамды дамытудың негізгі бағытына айналды. Бұл білімді тереңдетуге ықпал етеді, экономиканы және әртүрлі әлеуметтік құрылымдарды өзгерте алатын инновациялар үшін негіз қалыптастырады.
Ғылым біздің университеттің флагманы және негізгі нысаны болуы керек. Ғылыми зерттеулердің арқасында біз мәдени мұрамызды сақтап, оны әлемдік қауымдастыққа ұсына аламыз, бұл біздің мәдениетіміздің бірегейлігі мен байлығын көрсетеді.
Бұл қадам, дамуымызға ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз. Баршаңызды осы маңызды жеңіспен құттықтаймыз және ғылыми жолда жалғасатын табыс тілейміз!
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.