Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған бүгінгі Жолдауында энергетика және су ресурстары, экономика мен әлеуметтік-мәдени саланың көптеген секторларына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Жолдауда Абайдың «Мінсіз адам» туралы ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасына негізделген ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға баса назар аударылды.
Мәдениет қайраткері және өнер университетінің ректоры ретінде мен үшін білім, музыка, дизайн, медиа, кино, ақпараттық технологияларды қамтитын шығармашылық индустрияны дамыту аспектісі үлкен қызығушылық тудырды. Президент атап айтқандай «креативті индустрия - экономика мен жұмыспен қамтудың өсу нүктелерінің біріне айналуы мүмкін, ал «креативті өндіріс» нағыз инклюзивті экономиканың даму көзі бола алады.
Бүгінгі таңда Республикада креативті индустрия секторы елдің ІЖӨ-нің 1% тен төмен мөлшерін құрайды. Президент атап өткендей, Қазақстанда әлемдік аренада танылған отандастардың тұтас бір шоғыры бар.
Кретивтік индустрияның ошақтарының бірі болып ҚазҰӨУ болып табылады. Біздің түлектер Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде танымал және сұранысқа ие. Олардың қатарында Димаш Құдайберген, Рұхия Байдукенова, Ержан Максим, Сүндет Байғожин, Салтанат Ахметова, Владимир Дё, Эльдар Сапараев, Ордабек Дүйсен, Павел Романенко және басқалары бар.
Өз тарапымнан және Қазақ ұлттық өнер университеті ұжымы атынан бүгінгі Жолдауда Президент айтқан идеяларды толық қолдайтынымызды атап өткім келеді.
ҚазҰӨУ инновацияларға ұмтылып, өзінің стратегиялық жоспарларын қайта қарап, қазіргі заман талаптарына сәйкес уақытпен қатар жүруге ұмтылады. Атап айтқанда, мысал ретінде Оңтүстік Кореяның Cyber университетімен ынтымақтастық арқасында инклюзивті білім беру бойынша өзіндік онлайн платформаны әзірлеу, мультимедиялық және сұлулық дизайны саласындағы қос дипломды білім беру, Science Art саласындағы ғылыми зерттеулер бойынша ҚазҰӨУ - дың жаңа жобаларын келтіруге болады.
ҚазҰӨУ биыл өзінің 25 жылдық даму межесінен өтіп, бүгін де креативті индустрия саласында жаңа биіктерге самғау серпілістің басында тұр. Бұл мақсаттарға жету үшін бізде тәжірибе, қызмет атқаратын және білім алатын жастардың орасан зор шығармашылық әлеуеті, ең бастысы, талпынысымы бар.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.