Құрметті ҚазҰӨУ оқытушылары, қызметкерлері, білім алушылары және барша отандастар!
Сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дәстүр бойынша қыркүйек айының соңғы жексенбісі Қазақстанда Еңбек күні ретінде тойланады.
Еңбек пен жасампаздық – ел игілігі мен өркендеу жолында кез келген қоғамның дамуының кепілі. Еңбек жас маманның кәсіби деңгейінің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Көптеген шығармашылық мамандықтар табиғат сыйлаған қабілеттермен қатар адамнан үлкен ынта-жігерді, еңбекқорлықты, шыдамдылықты талап етеді. Өнер саласындағы мамандықтарды меңгеру адамның бала кезінен басталып мектеп, колледж және университет деңгейлерінде жалғасып ұзақ жылдар бойы үздіксіз кәсіби дайындықты қажет етеді. Сондықтан кәсіби музыкант, суретші, театр және кинематография саласында табыстарға жету үшін еңбек - жетістіктің ажырамас бөлігі болып табылады.
Абайдың «Кемел адам» туралы ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында бүгінгі күні Еңбек күні жаңа, өзекті аспектіде жаңғырып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаев атап өткендей, «Еңбексүйгіштік, іскерлік пен жауапкершілік, үнемі білімге және өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс – жарасымды тұлғаның қасиеттері «Адал азамат» ұғымын бойына сіңірген еңбек адамдарында айқын көрінеді. Сонымен қатар Ұлттық Құрылтай жиындар мәжілістерінде және Мемлекет басшысының Жолдауларында жастар арасында еңбек пен кәсіпкерлікті насихаттауға қатысты мәселелер үнемі көтеріліп келеді.
Еңбектіріңіз жемісті болсын!
Құрметпен
Қазақстанның Еңбек Ері,
ҚР Халық әртісі,
ҚазҰӨУ ректоры,
профессор
Айман Мусахаджаева
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.