УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2025 жылдың 18 сәуір күні К. Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ-нің Студенттік Парламентінің белсенділері экологиялық диалог алаңына қатысты.

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің Студенттік Парламентінің белсенділері – “Арт-менеджмент” білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Қуандық Қарагөз, Тлегенова Дильназ және Нұрғалиева Аружан «Студенттер ЖОО-ларда экологиялық ортаны қалай өзгерте алады: планетаның болашағына саналы көзқарас» тақырыбындағы диалог алаңына қатысты. Іс-шара “Таза Қазақстан” акциясы аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараны «НПК» қоғамдық бірлестігінің Жастар қанаты “Jas Orta НПК” қолдауымен ұйымдастырды. Талқылауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, эко-клубтар мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының төрағалары, эко-белсенділер қатысты.

Кездесудің басты мақсаты — студенттер арасында экологиялық жауапты мінез-құлық пен қоршаған ортаға қамқорлық жасау әдетін қалыптастыру болды. Қатысушылар өз жоғары оқу орындарында экологиялық бастамаларды енгізу бойынша сәтті тәжірибелерімен бөлісіп, қалдықтарды сұрыптау жүйесін дамыту және жастар арасында экологиялық мәдениетті арттыру жолдарын талқылады.

Мазмұнды іс-шара ұйымдастырғандары және студенттерімізге маңызды өзгерістердің бір бөлігі болуға мүмкіндік бергендері үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз!


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.