УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

21 сәуір күні университеттің камералық залында «Музыкатану және композиция» кафедрасының Ахмет Жұбанов пен Дмитрий Шостаковичтің 120 жылдығына арналған концерті өтті. 

Кеш ұлы композиторлардың рухани мұрасын ұлықтап, жас музыканттардың шығармашылығын тоғыстырған жарқын мәдени шараға айналды. Сахнада кафедраның студент-композиторлары Асылжан Жұмаділда, Бекзат Қалаубай, Ярослава Ярошинский, Даниял Тоимбеков, Айдарбек Сейтжапар, Санжар Улатай, Әліжан Байзрахманов, Нұрдәулет Карбаев, Нұрия Тілектес және Ораз Мұқажардың туындылары орындалды. 

Концерт тізгінін «Музыкатану және композиция» кафедрасының 4 курс студенттері Егінбай Уәли мен Таженова Дана жүргізіп, кештің мазмұнды әрі әсерлі өтуіне үлес қосты. 

Әр шығарма авторлардың дара қолтаңбасын, тың музыкалық ізденісін және академиялық өнер дәстүріне деген құрметін айқын көрсетті. Бұл концерт заманауи композиторлық мектептің дамуын танытып, болашақта үлкен белестерді бағындыратын жас таланттарды таныстыруға мүмкіндік берді. 

Кешке қатысқан барлық орындаушыларға, ұстаздарға және қонақтарға шабыт пен өнерге толы атмосфера үшін алғыс білдіреміз.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.