УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2026 жылдың 21 сәуір күні Тәжікстан Республикасының Мәдениет министрі Сатториён Матлубахон Амонзада К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне келді.

Қонақты университет ректоры Ахмедьяров Ғалым Алғиұлы қарсы алып, оқу орнымен таныстырды. Сапар аясында министр университеттің концерттік залдарын, оқу аудиторияларын және шығармашылық шеберханаларын аралап, білім беру үдерісімен және материалдық-техникалық базасымен танысты.

Кездесу барысында студенттердің орындауындағы музыкалық нөмірлер ұсынылып, білім алушылардың кәсіби деңгейі мен университеттің шығармашылық әлеуеті көрсетілді.

Тараптар мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ екі елдің бейінді оқу орындары арасындағы академиялық және кәсіби байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.