УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2026 жылдың 24 сәуір күні Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Первый на Олимпе» фильмінің актері Антон Савватимовпен шығармашылық кездесу өтті.

Іс-шара Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Мәдениет күндері және «РОСКИНО» АҚ ұйымдастырған Ресей кинофестивалі аясында өтті.

Мастер-класс барысында «Театр өнері және өнертану», «Режиссура, арт-менеджмент және операторлық өнер» факультеттерінің студенттері актердің кәсіби тәжірибесімен танысуға, заманауи киноиндустрия мен актерлік шеберлікке қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.

Кездесу университеттің білім алушылары мен оқытушылары үшін маңызды оқиға болды, студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Антон Савватимовқа студенттердің кәсіби дамуына қосқан үлесі және университеттің мәдени өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.