УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

«АҚСАҚ ҚҰЛАН – ЖОШЫ ХАН» ТАҚЫРЫБЫНДА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТЕДІ

2026 жылғы 17 қараша күні сағат 10:30-да Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің фойесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Сембіғали Смағұловтың «Ақсақ құлан – Жошы хан» тақырыбында шеберлік сағаты өтеді.

Шеберлік сағаты монументалды өнер, кескіндеме және арнайы сурет салаларын қамтиды. Кездесу барысында профессор өзінің шығармашылық тәжірибесімен бөлісіп, көркем образды қалыптастыру, композициялық ізденіс және оны әртүрлі өнер түрлерінде жүзеге асыру ерекшеліктері туралы әңгімелейді.

Іс-шара өнер саласының білім алушылары мен оқытушыларына кәсіби тәжірибе алмасуға, шығармашылық ізденістермен танысуға және бейнелеу өнерінің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.

Өтетін орны: Қазақ ұлттық өнер университетінің фойесі
Күні: 2026 жылғы 17 қараша
Уақыты: 10:30


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.