УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

 

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті Түркі мемлекеттерінің шығармашылық жоғары оқу орындары одағының мүшесі атанды

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтіп, түркі әлемінің мәдени-білім беру кеңістігіндегі өз позициясын нығайтып келеді. Университет Түркі мемлекеттерінің шығармашылық жоғары оқу орындары одағының құрамына ресми түрде қабылданды.

Мүшелікке қабылдау салтанаты Анкара қаласында өтті. Іс-шараны Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы TURKSOY және Анкара музыка және бейнелеу өнері мемлекеттік университеті ұйымдастырды.

Одақ мүшелігі халықаралық өзара іс-қимылды дамытуға, академиялық және шығармашылық байланыстарды нығайтуға, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға, өнертану саласындағы ғылыми зерттеулер мен халықаралық мәдени жобаларды іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бұл – университеттің халықаралық беделін нығайту және түркі әлеміндегі жетекші шығармашылық жоғары оқу орындарымен кәсіби ынтымақтастығын кеңейту жолындағы маңызды қадам.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.