УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2026 жылдың 19 қараша күні «Қазақстан композиторларының фортепианолық шығармашылығы: дәстүрлер мен заманауи тәсілдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2026 жылдың 19 қараша күні Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Әкім Тарази атындағы залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Қазақстан композиторларының фортепианолық шығармашылығы: дәстүрлер мен заманауи тәсілдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға «Жалпы фортепиано» кафедрасының студенттері мен оқытушылары қатысып, отандық музыкалық өнердің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан көрнекті композиторлардың өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды баяндамалар ұсынды.

Кездесу барысында А. В. Затаевич, Д. Д. Мацуцин, Н. Мендығалиев, Ғ. Жұбанова, Т. Қажғалиев, А. П. Исакова, Раушан Қали, Л. Жұманова және М. Останьковичтің фортепианолық шығармалары орындалды.

Дөңгелек үстел ұлттық музыкалық мұраны дәріптеуге, студенттердің отандық композиторлар шығармашылығына деген қызығушылығын арттыруға және қазақ фортепианолық музыкасының құндылығын тереңірек танытуға бағытталды.

Іс-шараны ұйымдастырып, мазмұнды өткізуге атсалысқан студенттер мен оқытушыларға шығармашылық белсенділігі мен тыңғылықты дайындығы үшін алғыс білдіреміз!

Ұлттық өнеріміздің мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін!


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.