УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

 

XIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫН  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің музыкалық-теориялық пәндер кафедрасында балалар музыка мектептері, өнер мектептері мен музыкалық мектеп-интернаттар оқушылары арасында өткен XIII Республикалық олимпиаданың қорытындылары шығарылды.

Олимпиада келесі номинациялар бойынша өткізілді:

  • «Музыка теориясы және сольфеджио»;

  • «Музыкалық әдебиет»;

  • «Этносольфеджио».

Қатысушылар кіші, орта және жоғары топтар бойынша бақ сынады. Олимпиада қорытындысы бойынша I, II және III дәрежелі дипломдар, сондай-ақ арнайы дипломдар мен қатысушы сертификаттары табысталды.

Барлық жеңімпаздар мен дипломанттарды, сондай-ақ олардың ұстаздарын лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен шабыт тілейміз!

Қатысушыларды кәсіби деңгейде дайындап, музыкалық білім беруді дамытуға үлес қосқан ұстаздарға алғыс білдіреміз!


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.