УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

Қазақ ұлттық өнер университетінде Royal Welsh College of Music and Drama директоры Хелена Гонтпен кездесу өтті

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Royal Welsh College of Music and Drama директоры Хелена Гонтпен кездесу өтті.

Кездесу барысында Хелена Гонт университеттің білім беру және шығармашылық әлеуетімен, инфрақұрылымымен және материалдық-техникалық базасымен танысты.

Тараптар халықаралық ынтымақтастықты дамытудың төрт негізгі бағытын талқылады: шеберлік сабақтары мен дәрістер ұйымдастыру, шығармашылық ұжымдардың гастрольдік алмасуын жүзеге асыру, академиялық ұтқырлықты дамыту және қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру.

Ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында тараптар меморандумға қол қою жөнінде алдын ала уағдаластыққа қол жеткізді.

Бұл кездесу халықаралық әріптестікті кеңейтуге, сондай-ақ университет студенттері мен оқытушылары үшін жаңа академиялық және шығармашылық мүмкіндіктер ашуға бағытталған маңызды қадам болды.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.