УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

БУРАБАЙДА «SHABYT FANTASY» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ АШЫЛДЫ

2026 жылғы 7 қарашада Ақмола облысының Бурабай ауданында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Shabyt Fantasy» шығармашылық үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, университет ректоры Ғалым Ахмедьяров, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Чинкисбаева, шығармашылық қауым өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Жаңа кешен балалар мен жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өнер мен спортты ұштастыруға арналған заманауи кеңістік ретінде қызмет етпек.

Салтанатты рәсім шашу шашу дәстүрі мен қызыл лентаны қию рәсімінен басталды. Қонақтар кешенді аралап, оның инфрақұрылымымен танысты. Сонымен қатар, Көркемөнер факультетінің өкілдері «Қиял самғау» атты шеберлік сабағын өткізіп, университеттің жас орындаушылары мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды.

Қатаркөл көлінің маңында орналасқан кешеннің жалпы ауданы 4 767,33 шаршы метрді құрайды. Оның құрамына төрт тұрғын корпус пен екі қабатты клуб-асхана кіреді. Кешенде 91 бөлме бар және ол бір мезгілде 305 адамды қабылдай алады. Спорт алаңдары «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен салынған.

«Shabyt Fantasy» шығармашылық үйінің ашылуы балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және өнер мен спорт саласындағы қабілеттерін шыңдауға жаңа мүмкіндіктер ашады.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.