УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2025 жылдың 26 қараша күні К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Қарағанды қаласынан арнайы келген «Qasymkitap» баспа үйінің ұйымдастыруымен «Кітап – руханият қазығы» атты кітап жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, ұлттық әдебиетті кеңінен насихаттау және «Qasymkitap» баспа үйінің ең таңдаулы еңбектерін оқырман назарына ұсыну болды.

Жәрмеңкенің ресми ашылуында университеттің ғылыми-ш шығармашылық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Раушан Сабыржанқызы Нұртаза, «Qasymkitap» баспа үйінің даму жөніндегі менеджері Құрбанбай Оразұлы және университет кітапханасының басшысы Галия Бекейқызы сөз сөйлеп, кітап оқудың адам өміріндегі орны мен маңызын ерекше атап өтті. Олар кітаптың адамды терең ойға жетелейтінін, жан әлемін байытатынын және білімді тұлғаның өзі де, өзгеге де жарық сыйлайтын шамшыраққа айналатынын жеткізді.

Іс-шара барысында “Дәстүрлі музыкалық өнер” факультетінің студенттері әсем әндер шырқап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар Театр өнері және өнертану факультетінің студенттері өлең оқып, жиналған қауымның рухын көтерді.

Жәрмеңке сағат 17:00-ге дейін жалғасып, университеттің кітапты сүйетін ұстаздары мен студенттері өздеріне ұнаған туындыларды сатып алып, жақсы әсермен тарасты.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.