К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің қабырғасында «Арт-менеджмент» мамандығының 15 жылдығына орай
«Операторлық өнер, арт-менеджмент және дыбыс режиссурасы» кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 24 қараша күні «Мәдени трансформациялар жүйесіндегі арт-менеджмент» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының өкілдері қатысты.
Қазіргі жаһандану, цифрландыру, креативті индустриялардың дамуы және мәдени стратегиялардың өзгеруі өнер саласындағы жаңа басқарушылық тәсілдерді қайта зерделеу қажеттігін туындатып отыр. Арт-менеджмент мәдени саладағы стратегиялық дамудың басты тетігіне айналып, дәстүрлі құндылықтарды инновациялық үлгілермен ұштастырады.
Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда мына мәселелер талқыланды:
• мәдени трансформация жағдайындағы арт-менеджменттің рөлін талдау;
• зерттеушілер, тәжірибешілер және жас мамандар арасында тәжірибе алмасу;
• пәнаралық кәсіби қауымдастық қалыптастыру.
Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы әрі модераторы – философия ғылымдарының кандидаты, ассоциирленген профессор, «Мәдениет саласының үздігі» Шаймерденова С.К. болды.
Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.
Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.