УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

ҚазҰӨУ-дің Күләш Байсейітова атындағы кітапханасының бастамасымен Тәрбие жұмысы бөлімі және "Музыкалық драма және қуыршақ театры өнері" кафедрасымен бірлесіп «Кітап Stand-Up» кітапқұмарлар алаңы өтті.

Іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы республикалық марафонның мақсаттарын насихаттауға арналды. Жобаның негізгі мақсаты - университетте кітапсүйер ортаны қалыптастыру, философиялық және патриоттық құндылықтарды дәріптейтін классикалық әдебиеттерге қызығушылықты арттыру, сондай-ақ студенттердің оқыған шығармаларын мазмұнды әрі әсерлі жеткізу дағдыларын дамыту.

Кездесу барысында Қазақстанның Құрметті кітапханашысы Ғалия Бөкейқызы, ақын-аудармашы, «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Абзал Мақаш және Музыкалық драма және қуыршақ театры өнері кафедрасының студенттері Баян Зарипова, Анияр Мұқаш, Жанерке Жұмағазинова өздері оқыған көркем шығармалар жөнінде ой бөлісіп, көрермендермен еркін пікір алмасты.

Жастар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған жоба алдағы уақытта «Кітап оқитын университет» бастамасы аясында жалғасын табады.

Ақпараттық серіктес – «Әдебиет» порталы


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.