УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, еңбек ардагерлері, қызметкерлер мен студенттер қатысты.

Жиында университет ректоры Ғалым Ахмедьяров ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады. Салтанатты рәсім барысында білім мен өнер саласының дамуына қосқан үлесі үшін университеттің бірқатар оқытушылары, қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды.

Концерттік бағдарламада Студенттік камералық оркестр, университеттің шығармашылық ұжымдары мен жас орындаушылары өнер көрсетті.

Мерекелік кеш ұстаз еңбегіне көрсетілген құрметтің жарқын көрінісіне айналып, білім мен өнер жолында аянбай еңбек етіп жүрген педагогтерге алғыс білдірумен түйінделді.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.