УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

 

Ұстаздар күні қарсаңында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры белгілі композитор, дәстүрлі музыка зерттеушісі, көне музыкалық аспаптардың шебер орындаушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еділ Сейілханұлы Құсайыновқа «Құрметті профессор» атағының дипломы мен төсбелгісін табыстады.

Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен бұл жоғары атақ ұлттық өнерді дамытуға, музыкалық мұраны сақтап, насихаттауға және ұзақ жылдарғы шығармашылық әрі педагогикалық қызметіне қосқан зор үлесі үшін берілді.

Еділ Құсайынов - Қазақстанның заманауи музыка мәдениетіндегі көрнекті тұлғалардың бірі. Ол дәстүрлі музыкалық өнерді зерттеу, жаңғырту және кеңінен дәріптеу бағытында жемісті еңбек етіп келеді. «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық байқаулардың лауреаты және «Алтын Адам - Жыл адамы» ұлттық сыйлығының иегері.

Университет ұжымы Еділ Сейілханұлын жоғары атаққа ие болуымен құттықтап, шығармашылық және ұстаздық жолында толайым табыс тілейді.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.