УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

 

«Ұлы дала» атты гала-концерт өтті

«Ұлы дала музыкасы» III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Ұлы дала» атты гала-концерт өтті.

Мерекелік кеште қазақ халқының бай музыкалық мұрасы кеңінен дәріптеліп, дәстүрлі өнердің үздік үлгілері көрермен назарына ұсынылды. Концерт бағдарламасына күйшілік, әншілік және жыршылық өнердің жауһарлары енгізіліп, ұлттық орындаушылық дәстүрдің тереңдігі мен көркемдік ерекшелігі айқын көрініс тапты.

Гала-концерт қазақтың дәстүрлі музыка өнерінің сабақтастығын, оның рухани және мәдени құндылығын танытатын ерекше шығармашылық кешке айналды. Сонымен қатар, іс-шара ұлттық өнерді насихаттауға, оны келер ұрпаққа жеткізуге және дәстүрлі музыкалық мұраны халықаралық деңгейде танытуға бағытталған маңызды мәдени бастамалардың бірі болды.

Кеш көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлап, қазақ халқының музыкалық мәдениетінің байлығы мен қайталанбас болмысын тағы бір мәрте паш етті.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.