УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

«ҰЛЫ ДАЛА МУЗЫКАСЫ» III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 4-5 қарашада Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Түркі мәдениетіндегі орындаушылық дәстүр: «Ұстаз-шәкірт» сабақтастығындағы мұрагерлік жол» тақырыбында «Ұлы дала музыкасы» III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Халықаралық басқосуға музыкатанушылар, дәстүрлі орындаушылар, өнертанушылар, тарихшылар мен мәдениеттанушылар қатысып, түркі халықтарының музыкалық мұрасын сақтау мен дамыту, ұлттық орындаушылық өнерді өркендету және «Ұстаз-шәкірт» дәстүрінің сабақтастығын жалғастыру мәселелерін талқылады.

Конференция барысында ауызша және жазбаша музыкалық мәдениеттің ерекшеліктері, ұлттық музыка классикасының жанрлары мен орындаушылық стильдері, дәстүрлі музыканттарды даярлаудың өткені мен бүгіні, сондай-ақ әр дәуір мен стильдегі музыкалық мәдениеттердің өзара ықпалдастығы қарастырылды.

Екі күндік бағдарлама аясында ғылыми баяндамалар тыңдалып, пленарлық отырыстар, дәстүрлі өнер шеберлерінің концерттері мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Әсіресе күйшілік, әншілік және жыршылық өнердегі «Ұстаз-шәкірт» дәстүріне, оның ұлттық мәдени мұраны сақтаудағы және келер ұрпаққа жеткізудегі маңызына ерекше назар аударылды.

Конференция 5 қараша күні сағат 18:00-де Университеттің Үлкен залында өткен гала-концертпен қорытындыланды.

«Ұлы дала музыкасы» III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұлттық музыкалық мұраны дәріптеуге, дәстүрлі орындаушылық өнердің құндылықтарын насихаттауға, тәжірибе алмасуға және түркі халықтары арасындағы халықаралық ғылыми-шығармашылық байланыстарды нығайтуға маңызды үлес қосты.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.