УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері Мәскеуде өткен ВГИК-тің «Восхождение» халықаралық студенттік фестивалінде жоғары нәтиже көрсетті. Фестиваль әлемнің әртүрлі елдерінен келген жас кинематографистер мен кино мектептерінің өкілдерін бір алаңға жинады. Байқау қорытындысы бойынша ҚазҰӨУ студенттерінің жұмыстары үш бірдей марапатқа ие болды. Лилия Вакаренконың «Нелюбимая дочь» деректі фильмі фестивальдің ең жоғары марапаты - «Үздік фильм» жүлдесіне ие болды. Бекарыс Оразбековтің «Такой, каким ты меня запомнила» фильмі «Үздік актерлік дуэт үшін» арнайы дипломымен марапатталса, Алмаз Мерекенің «Дом» фильмі «Әлеуметтік маңызы бар тақырыпты ашқаны үшін» арнайы дипломға ие болды. заголовок и перевод на орус англ Бұл жетістік ҚазҰӨУ студенттерінің кәсіби даярлығының жоғары деңгейін және қазақстандық кино мектебінің халықаралық шығармашылық кеңістіктегі беделін тағы бір мәрте айқындады. Жүлдегер студенттерді, олардың жетекшілерін және Кино және телевидение режиссурасы кафедрасының ұжымын құттықтаймыз!

ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.