УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

2026 жылдың 12 қазан күні сағат 10:00-де Сіздерді «Вена мектебі: дыбыс өнері. Скрипка мен виолончель: техника, ансамбль, интерпретация» атты шеберлік сабағына шақырамыз!

Шеберлік сабағы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Камералық залында өтеді.

Шеберлік сабағын австриялық орындаушылық мектебі және еуропалық оркестрлік практикамен кәсіби байланысы бар музыканттар – скрипкашы Жангир Жұбанов пен виолончельші Константин Шёнер өткізеді. Кездесу барысында дыбыс мәдениеті, дыбыс шығару, артикуляция, фразировка, интонация және ансамбльдік өзара әрекет мәселелеріне назар аударылады.

Шеберлік сабағына қатысушылар еуропалық камералық және оркестрлік дәстүр аясындағы музыканттың кәсіби жұмыс қағидаларымен танысып, орындаушылық міндеттерді практикалық талдау барысын көріп, техникалық тәсілдердің көркемдік интерпретация құралына қалай айналатынын біле алады.

Шеберлік сабағы ҚазҰӨУ студенттеріне арналған және қазіргі еуропалық музыканттардың тәжірибесі арқылы Вена орындаушылық мектебінің дәстүрімен жақынырақ танысуға бірегей мүмкіндік береді.

Өткізу күні: 12.10.2026, сағат 10:00
Өтетін орны: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 50. Камералық зал.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.