УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

2026 жылдың 7 қазан күні Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстанның халық әртісі, көрнекті театр және кино актрисасы, профессор Меруерт Өтекешеваның 75 жылдығына арналған «Меруерт Өтекешеваның шығармашылық мұрасы: қазіргі театр және кино өнеріндегі сабақтастық пен жаңашылдық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция барысында актрисаның ұлттық театр және кино өнеріне қосқан зор үлесі, шығармашылық жолы мен көркемдік мұрасы туралы баяндамалар жасалды. Іс-шараға театр және кино саласының мамандары, өнертанушылар, ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Конференция жұмысына Астана қаласы Музыкалық жас көрермен театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров қатысып, Меруерт Өтекешеваның ұлттық мәдениеттегі орны мен шығармашылық мұрасының маңызы туралы баяндама жасады. Ол сондай-ақ актрисаның 75 жылдығына арналған халықаралық TEATR ALL театр фестивалінің ұйымдастырушыларының бірі.

Меруерт Өтекешеваның шығармашылығы қазақ өнерінің алтын қорындағы асыл мұра. Оның өнегелі жолы ұлттық театр мен кино өнерінің дамуына қызмет етіп, жас ұрпаққа рухани бағдар болып қала береді.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.