УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің сахнасында Қазақстанның халық әртісі, профессор, театр және кино өнерінің көрнекті өкілі Меруерт Өтекешеваның 75 жылдығына арналған IV халықаралық TEATR ALL театр фестивалінің қорытынды күні өтті.

Фестиваль Қазақстан мен шетелден келген театр ұжымдарының басын қосып, шығармашылық тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және заманауи театр үдерістерін таныстыруға мүмкіндік берді. Салтанатты жабылу рәсімінде фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Мерекелік кеш «Қазақтың Қыз Жібегі» атты шығармашылық бағдарламаға ұласты. Көрермен қауым Меруерт Өтекешеваның өнердегі өнегелі жолына арналған концерттік бағдарламаны тамашалап, актрисаның театр мен кинодағы жарқын бейнелері мен ұлттық мәдениетке қосқан сүбелі үлесіне тағы бір мәрте куә болды.

Бүгінде Меруерт Өтекешева Қазақ ұлттық өнер университетінде ұстаздық етіп, жас актерлер мен режиссерлерді тәрбиелеуге атсалысып келеді. Оның шәкірттері ұлттық өнердің сабақтастығын жалғастырып, кәсіби сахнада өз қолтаңбасын қалыптастыруда.

TEATR ALL фестивалі театр өнерін дамытуға серпін беріп, шығармашылық ізденіс пен кәсіби ынтымақтастықты нығайтқан.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.