УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері Мәскеу қаласында өткен «ПРОреставрация. Реставрациялық материалдар мен технологияларды импортты алмастыру» атты жас реставраторлардың халықаралық байқауына және халықаралық мәдени-білім беру тағылымдамасына қатысты.


Байқау барысында 2-курс студенті «Графика, мұрағат және кітапхана материалдарын реставрациялау» бағыты бойынша бақ сынап, шетелдік қатысушылармен қатар кәсіби шеберлігін танытты.

Сонымен қатар университеттің 2-4 курс студенттері ТМД елдерінің өкілдерін біріктірген халықаралық тағылымдамаға қатысты. Бағдарлама аясында студенттер реставрацияның заманауи әдістерімен танысып, мәдени мұраны сақтау тәжірибесін зерделеді. Тағылымдама барысында олар ағаштан жасалған туындыларды, темпералық және станоктік кескіндеме шығармаларын реставрациялау бойынша практикалық тәжірибе жинақтады.


Халықаралық жобаларға қатысу студенттердің кәсіби құзыреттерін арттырып, тәжірибе алмасуына және реставрация мен мәдени құндылықтарды сақтау саласындағы заманауи технологияларды меңгеруіне мүмкіндік берді.


Сапар жетекшісі – Сценография кафедрасының оқытушысы Кемелбаева Әсел Көкжалқызы.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.