«Естелік кеші» концерті
2026 жылғы 16 қазанда сағат 18:00-де Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде виолончель сыныбының еңбек сіңірген ұстазы Галина Баязитовна Джанайдарованың 90 жылдығына арналған «Естелік кеші» концерті өтеді.
Концерт бағдарламасында:
Виолончельге арналған С. Рахманинов, Д. Поппер, А. Дворжак, Ю. Кленгель, Дж. Россини, Л. Обер, Э. Дженкинсон және Ж. Массне шығармалары орындалады.
Қатысушылар:
Қазақстан Республикасының құрметті педагогы Заур Сапараев;
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Асқар Мұқанов;
Халықаралық конкурстардың дипломанты Георгий Тлеубаев;
Республикалық конкурстың лауреаты Амира Джанайдарова (оқытушысы Зауре Камалиева);
Халықаралық конкурстардың лауреаттары Ботагөз Калиева, Құрванжан Ахатов;
Республикалық конкурстың лауреаты Жанар Досумова;
Халықаралық конкурстың лауреаты Әлен Бәсен (оқытушысы Бахытжан Жантурганов);
Республикалық конкурстардың лауреаттары Амина Мелихак (оқытушысы Қайрат Бельгибаев), Айсұлтан Тналин (оқытушысы Арман Мамырбаев), Інкәр Қасым (оқытушысы Әйгерім Байжұменова).
Сондай-ақ виолончельшілер ансамблі өнер көрсетеді.
Кештің алғы сөзін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Р. К. Мұсаходжаева сөйлейді.
Фортепиано партиясы:
Мәдениет саласының үздіктері Анар Камелинова, Гүлжанат Жанатаева, сондай-ақ Анастасия Тараскина, Александра Шмелева және Альмира Тасжанова.
Өткізу күні: 2026 жылғы 16 қазан, сағат 18:00.
Өтетін орны: Астана қаласы, Женіс көшесі, 33, Орган залы.
Кіру тегін.