УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

Құрметті Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы!

Сіздерді еліміздің мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Өнердің көптеген түрлері бойынша болашақ мамандарды дайындайтын Біздің оқу ордамыздағы қызмет атқаратын ұстаздардың мәдениетпен өнер бағытындағы білім беру саласына сіңіріп жүрген еңбектері ұшан - теңіз.

Болашақ шығармашылық тұлғалардың кәсіби біліктілігімен қатар, рухани құндылықтарын қалыптастырудағы Сіздердің үлестіріңіз зор. Педагогика, ғылым, оқу - әдістемелік жұмыстарыңызбен қатар жеке шығармашылықпен айналысу еңбекқорлықты талап етеді.

Қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлық - оқытушылық құрамындағы ұстаздар және қызметкерлер өзінің жеке шығармашылығымен халыққа танымал мәдениет және өнер қайраткерлері болып табылады.

Сонымен қатар Сіздер классикалық, дәстүрлі өнер мектептерінің бай мұрасын шәкірттеріңізге үйрету аркылы Қазақстанның мәдениет және өнер салаларындағы ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып келесіздер. Кәсіби мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтай отырып,

Сіздерге мықты денсаулық, ұстаздық жұмыстарыңызға табыс, шығармашылықтарыңызға шабыт және жаңа жетістіктер тілеймін!


Ізгі ниетпен
 ҚР Еңбек Ері,
Қазақстанның Халық әртісі,
ҚазҰӨУ ректоры,
 профессор Айман Мусахаджаева


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2025 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.