УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстанда алғаш рет, аты аңызға айналған «Sanremo Junior» байқауы!

20 желтоқсанда сағат 12:00-де Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 33 мекенжайы бойынша ҚазҰӨУ Орган залында «Sanremo Junior Kazakhstan» – аты аңызға айналған Италиядағы Сан-Ремо қаласында «Sanremo Junior 2024», ән байқауына қатысу үшін ұлттық іріктеу кезеңін ұйымдастырушылармен ресми брифинг өтеді.
25 жылдан бері жыл сайын бұл байқау үздіктердің үздігін таңдау үшін әлемнің 20-дан астам елінен қатысушыларды өз сахнасында жинайды! «Sanremo Junior-Kazakhstan» іріктеу кезеңі аясында 6 мен 15 жас аралығындағы балалар өз өнерін көрсетуге, кәсіби қазылар алқасының алдында бақ сынауға және қазақ эстрадасының жұлдыздарымен Гала-концертте өнер көрсетуге мүмкіндік алады.
Гран-при иегері Италияның Сан-Ремо қаласына тегін әуе тасымалы мен тұруға жолдама алады, ол атақты Аристон театрында өтетін байқаудың финалдық кезеңінде Қазақстан атынан бақ сынайтын болады! «Sanremo Junior Kazakhstan» жүлдесінің жеңімпаздары Аристон театрында өтетін концертте Қазақстанның 15 минуттық қойылымына қатысу үшін, Сан-Ремоға дейін тегін әуе билеттерін алады!

Брифинг бағдарламасы:
12:00-13:00 - брифинг
13:00-14:00 - брифинг спикерлері мен шақырылған БАҚ өкілдері үшін кофе-брейк

Ұйымдастырушылар:
- «АСТАНА ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ»
- «TRIUMPH TRAVEL» компаниясы
- Қазақстан Республикасы Музыка қайраткерлерінің одағы
- KISMET, Италия

Спикерлер:
1. Мұсахаджаева Айман Қожабекқызы – ҚазҰӨУ ректоры, профессор, Қазақстанның халық әртісі, ЮНЕСКО «Бейбітшілік артисі»
2. Батыржан Амангелдіұлы Смаков – опера әншісі, ҚазҰӨУ Концерттік жұмыс және халықаралық байланыстар қызметінің басшысы.
3. Әли Оқапов – композитор, әнші
4. Зарина Алтынбаева – опера әншісі, ГАТОБ солисті
5. Италияның атташесі
6. Диана Шарапова – әнші, «Дауыс» шоуының қатысушысы

Толық ақпарат алу үшін байланыс телефоны: +7 702 44 222 92 Жамбулова Юлия


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.