УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

     

    Ресей театр өнері институты қазақстандық режиссерлерге бес грант бөледі


    Еуропадағы ең ірі театр саласы бойынша білім беретін Ресей театр өнері институты (ГИТИС) Қазақстандықтарға грантта оқуға мүмкіндік береді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі РФ Мәдениет министрлігімен «Театр режиссурасы» мамандығы бойынша бес бюджеттік орын бөлу туралы келісімге келді.

    ▪Конкурсқа колледж түлектері, сондай-ақ қазіргі театр мамандары қатыса алады.

    2024 жылғы 5 шілдеге дейін мына сілтемедегі құжатты толтыра отырып өтінім беруге болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdl9MEOQxa3xlLYoiAkJvtVBShJzY8cp2wn7SEle3-GKw0Qtg/viewform.

    ▪Негізгі ақпараттан басқа, үміткер өзі туралы видеоны бірге жүктеу қажет, сонымен қатар режиссураны таңдау себебіне де тоқтала кеткен жөн.

    ▪Бірінші кезеңнен өткен үміткерлер Алматыда арнайы комиссия өткізетін офлайн кездесуге шақырылады (05.07.24 -12.07.24).

    Мемлекеттік театр өнері институты – Мәскеудегі 140 жылдан астам тарихы бар университет. Оқу ордасынан Марк Захаров, Анатолий Эфрос, Александр Абдулов, Олег Меньшиков және т. б. белгілі өнер қайтраткерлері білім алған.

    Институтты бітірген танымал түлектердің бірі – қазақ театр және кино режиссері, педагог, КСРО және ҚазКСР Халық әртісі Әзірбайжан Мәмбетов. Қазіргі уақытта өнер институтын бітірген түлектер дәстүрін қазіргі театр режиссерлері – Жұлдызбек Жұманбай мен Әлібек Өмірбекұлы жалғастыруда.

    Конкурс туралы барлық сұрақтар бойынша +77473314324 нөміріне (Аружан) хабарласуға болады.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі


    ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

    Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

    Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.