УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

 

Зарина Алтынбаеваның «Қазақ халық әндері, ариялар мен романстар» атты ноталық жинағы таныстырылды

2026 жылғы 24 қыркүйекте Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі Зарина Алтынбаеваның «Қазақ халық әндері, ариялар мен романстар» атты авторлық ноталық жинағының таныстырылымы өтті.

Кездесу барысында Зарина Алтынбаева жинаққа енген шығармаларды орындап, басылымның жарыққа шығу тарихы мен оны дайындауға негіз болған көпжылдық шығармашылық және зерттеу еңбегі туралы әңгімеледі.

Ноталық жинаққа қазақ вокалдық классикасының таңдаулы туындылары, архивтерден табылған сирек кездесетін халық әндері, сондай-ақ заманауи композиторлардың шығармалары енгізілген. Басылым кәсіби вокалистерге, студенттер мен оқытушыларға арналған маңызды оқу және орындаушылық материалдардың бірі ретінде ұсынылды.

Таныстырылым университет студенттері мен оқытушыларының қызығушылығын тудырды. Кездесу барысында қазақ вокал өнерінің мұрасын жүйелеу, сақтау және кейінгі буын орындаушыларына жеткізудегі ноталық басылымдардың маңызы атап өтілді.

Жаңа ноталық жинақ Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің кітапханасы мен бейінді кафедраларының қорын толықтырып, білім алушылардың оқу үдерісінде және вокалдық шығармаларды орындауға дайындық барысында пайдаланылатын болады.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.