УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

2026 жылдың 1 қазан күні Астанада Қазақстанның халық әртісі, көрнекті театр және кино актрисасы, профессор Меруерт Өтекешованың 75 жылдық мерейтойына арналған «Театр ALL» халықаралық театр фестивалінің салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Ғалым Ахмедьяров қатысты. Фестиваль ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің және ҚазҰӨУ-дің қолдауымен ұйымдастырылуда.

Ұлттық театр және кино өнерінің дамуына зор үлес қосқан Меруерт Өтекешова ұзақ жылдар бойы шығармашылықпен қатар ұстаздық қызмет атқарып, көптеген талантты актерлерді тәрбиелеп келеді. заголовок и перевод на рус англ

Фестивальдің ашылуында Меруерт Өтекешованың шығармашылық шеберханасының студенттері өнер көрсетіп, кәсіби дайындығы мен ұлттық театр мектебінің үздік дәстүрлерін жалғастырып келе жатқанын көрсетті.

Халықаралық фестиваль театр қайраткерлерін, педагогтерді, студенттер мен өнер өкілдерін біріктіріп, шығармашылық тәжірибе алмасуға, кәсіби байланысты нығайтуға және жас таланттарды қолдауға бағытталған маңызды мәдени алаңға айналды.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.