УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

2026 жылғы 31 қазанда ҚазҰӨУ-де Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Анвар Раимджановтың шеберлік сабағы өтті

2026 жылғы 31 қазанда Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Өзбекстан мемлекеттік консерваториясының Ішекті аспаптар кафедрасының профессоры Анвар Раимджановпен шығармашылық кездесу және шеберлік сабағы өтті.

Анвар Раимджанов сонымен қатар «Өзбекстан солистері» мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері болып табылады. Ташкентте ол дарынды виолончельші, халықаралық музыкалық жобалар мен фестивальдердің белсенді қатысушысы ретінде танымал.

Кездесу барысында студенттер белгілі музыканттың, орындаушы мен педагогтің кәсіби тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алды. Шығармашылық жүздесудің негізгі тақырыптары орындаушылық шеберлік, музыканттарды кәсіби даярлау және музыкалық шығармаларды көркемдік тұрғыдан түсіндіру мәселелерін қамтыды.

Сонымен қатар университетте француздық DUO FORTECELLO дуэтінің мүшелері – виолончельші Анна Микульска мен пианист Филипп Аржантидің қатысуымен шеберлік сабағы өтті.

Шетелдік өнерпаздар студенттермен кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, орындаушылық техниканы жетілдіру, музыкалық интерпретация ерекшеліктері және сахналық мәдениет бойынша құнды кеңестер берді.

Шығармашылық кездесулер студенттерге халықаралық деңгейдегі танымал орындаушылармен тәжірибе алмасуға, кәсіби ұсыныстар алуға және шығармашылық көкжиектерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Мұндай іс-шараларды өткізу университеттің халықаралық шығармашылық байланыстарын нығайтуға, кәсіби диалогты дамытуға және болашақ музыканттарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.