УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

 

«Азаттықтың жерұйығы – Астана» атты ақындар айтысы өтті

Республика күніне орай Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті мен «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» Жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен елордалық жас айтыскер ақындар арасында «Азаттықтың жерұйығы – Астана» атты ақындар айтысы өтті.

Ұлттық рухты ұлықтап, сөз өнерінің мәртебесін асқақтатқан жыр додасында жас ақындар елдік пен еркіндік, тәуелсіздік пен туған жер тақырыптарын жырға қосып, тапқырлығы мен суырыпсалмалық шеберлігін танытты.

Айтыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

  • Бас жүлде: Мұхтар Қонарбай

  • І орын: Мейіржан Баршынбай

  • ІІ орын: Ерасыл Сейітжан

  • ІІІ орын: Аян Қуаныш

Бас жүлде иегері Мұхтар Қонарбай республикалық «Күміс домбыра» айтысына, ал І орын иегері Мейіржан Баршынбай халықаралық «Менің пірім – Сүйінбай» жас ақындар айтысына жолдама жеңіп алды.

Жыр додасына қатысқан барлық жас ақындар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аталған шара ұлттық айтыс өнерін дәріптеуге, жас таланттарды қолдауға және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жас ақындарға шығармашылық шабыт, толағай табыс және алдағы жыр додаларында жарқын жеңістер тілейміз!


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.