УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

Қазақстандық композитор Абдысагин Рахат-Би Германия мен Ұлыбританияда ғылыми зерттеулерін таныстырды


2026 жылғы қыркүйекте қазақстандық композитор, пианист және музыка зерттеушісі Абдысағин Рахат-Би Германияның Дортмунд қаласында өткен физика, музыка және математикаға арналған халықаралық конференцияда баяндама жасады. Оның баяндамасы кванттық музыка және дыбыс пен үнсіздік логикасы тақырыптарына арналды.

Ғылыми бағдарламаның жалғасы ретінде композитор Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінің физика кафедрасында қонақ дәрісін оқып, шақырылған академик ретінде сөз сөйледі. «Quantum Universe: Less than Nothing, More than Everything» атты баяндамасында музыка, физика және философия арасындағы байланысты ашып көрсетті. Сонымен қатар өзінің ғылыми еңбектерін және орган, кванттық гитара мен электроникаға арналған, алғашқы кванттық музыка туындысы ретінде танылған кванттық симфониясын таныстырды.

Абдысағин Рахат-Би – Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің магистратура түлегі (2017). 2020 жылдан бастап «Музыкатану және композиция» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды, ал 2025 жылдан бастап университеттің қауымдастырылған профессоры болды.

Композитор – үш операның және симфониялық әрі камералық шығармаларды қоса алғанда, 150-ден астам музыкалық туындының авторы. Оның шығармашылығы академиялық музыканы, философияны және заманауи ғылыми идеяларды тоғыстырады. Абдысағин Рахат-Бидің туындылары Еуропа, Азия және Америка құрлықтарындағы концерттік сахналарда орындалған.

Композитордың халықаралық ғылыми және шығармашылық қызметі қазақстандық музыкалық өнерді әлемге танытуға және музыка мен ғылым арасындағы диалогты дамытуға үлес қосып келеді.

2025 жылы Абдысағин Рахат-Бидің орган мен кванттық гитараға арналған «Quantum Universe» симфониясы Оксфордта кванттық механиканың 100 жылдығына арналған халықаралық конференцияның ашылуында орындалды. Сол жылы композитор Оксфорд, Лейден, Берлин, Лейпциг, Вена, Осло, Сантьяго-де-Компостела және басқа қалалардағы жетекші университеттер мен ғылыми мекемелердің шақыруымен ғылыми баяндамалар жасап, концерттерге қатысты.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.