УНИВЕРСИТЕТ

УЧЕБНЫЙ ПРОЦЕСС

ПОСТУПЛЕНИЕ

СТУДЕНТАМ

НАУКА

ТВОРЧЕСТВО

МЕЖДУНАРОДНОЕ СОТРУДНИЧЕСТВО

Новости

<
>

     

    Құрметті отандастар!

    Қазақстан халқы бүгін әдеттегідей Алғыс айту күнін атап өтеді. Дәстүр бойынша халқымыз көктемнің алғашқы күнінде бір-біріне алғыс айтып, ең асыл тілектерін білдірген. «Алғыспен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді» деп елдің алғысын, үлкеннің батасын алуды қазақ халқы жоғары бағалаған. Шын көңілден айтылған алғыс сөздердің жігерлендірушілік, дем берушілік, рухтандырушылық күш-қуатына кәміл сенген.

    Құрметті достар! Баршаңызды бүгінгі Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ең алдымен маған өмір сыйлағаны үшін ата-анама мың да бір алғысымды білдіремін. Әруағы желеп-жебеп жүрген, денсаулығыма, дәулетіме, отбасыма, жетістіктеріме септігін тигізіп жүрген ата-бабаларымның рухына алғысым шексіз.

    Ұстаз – рухани әлемге жетелеуші. Бізге өмір сүруді үйреткен, даналыққа баулыған, кемшілігімізді көрсеткен, содан сабақ алып, ілгері басуды үйреткен, абыройлы болуды меңгерткен ұстаздарыма мың алғыс!

    Қолдап-қоршап жүргені үшін қасымдағы жора-жолдастарыма, төңірегімдегі әріптестеріме, үйдегі жұбайыма, бала-шағама алғысым шексіз!

    Дендеріңіз сау, бай-қуатты болыңыздар! Үйлеріңіз қуанышқа толы болсын! Еңбектеріңіз жемісті болып, ойлаған армандарыңызға жетіңіздер!

    Құрметпен –
    ҚазҰӨУ ректоры м.а.,
    ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,
    Профессор  Желтыргузов А.Қ.

     


    Общественная приемная КазНУИ

    Здесь Вы найдете ответы на часто задаваемые вопросы, а также сможете задать Ваш вопрос

    Copyrights © 2024 Казахский национальный университет искусств. All rights reserved.