УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости

<
>

     

    12  СӘУІР  -  ҚАЗАҚСТАН  ҒЫЛЫМ  ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ  КҮНІ


    12 сәуір - Ғылым  академиясының  тұңғыш  Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Имантайұлы  Сәтбаевтың дүниеге келген күні, сондықтан      

    Ғылым  қызметкерлерінің  күні  арнайы  осы  датаға  тағайындалған

    Қазақ ұлттық өнер университетінің  құрметті  ғалымдары
    мен  шығармашыл  педагогикалық  ұжымы!
    Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен  шұғылданып  жүрген
    докторанттар,  магистранттар,  студенттер!
    Баршаңызға  ғылым  саласында  телегей  табыс  тілейміз!

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылым саласын қуатты қолдау арқылы  оң  өзгерістер болып  жатыр: 2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыру көлемін жалпы ішкі өнімнің 1% дейін ұлғайту жоспарланған. докторанттардың стипендиясы 80%-ға өсті; жылсайын  50 үздік  ғылыми қызметкерге  5 млн теңге көлемінде сыйақы  тағайындалатын  болды. Бұл «Ғылым  туралы»  Заңға  енгізілген  жаңа  түзетулерге сәйкес  мүмкін  болды. 

    Мұндағы  механизм  «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсына ұқсас  болады.

    Қазақстандық  ғылым  саласының әлеуеті өте зор, сондықтан да біз, қазақстандықтар - білім, ғылым және мәдениет қызметкерлері - отандық ғылымның  болашақта  қарқынды түрде өркендеу беруіне кәміл сенімдіміз.

    Құрметті әріптестер! Сіздерге  нәтижелі зерттеушілік ізденіс, шығармашылық  шабыт,  жақсы  жаңалықтар тілейміз!


    ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

    Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

    Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.