УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

KINOMUZA киноклубы аясында Migratori фильмі көрсетіліп, Artist Talk кездесуі өтті

KINOMUZA киноклубы аясында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің кинозалында италиялық суретші Аньезе Галиоттоның Migratori фильмі көрсетіліп, Artist Talk кездесуі өтті.

Жылы әрі еркін атмосферада шығармашылық, креативтілік, қозғалыстың шындықты тану тәсілі ретіндегі мәні және заманауи суретшінің бүгінгі қоғамдағы орны туралы әңгіме өрбіді. Аньезе Галиотто фрескалық кескіндеме мен кинематографияны ұштастыратын шығармашылық әдісі туралы айтып, Қазақстандағы арт-резиденция тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу студенттер мен оқытушылардың қызығушылығын тудырды. Ашық әрі шабыт сыйлаған әңгімесі үшін суретшіге алғыс айтамыз!


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.