УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

К. Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ студенттері Тбилиси сценография биенналесінде «Зарождение» инсталляциясын таныстырды


Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері аға оқытушы Алма Сырбаеваның жетекшілігімен әзірленген «Зарождение» (Genesis) инсталляциясын Тбилиси сценография биенналесінде таныстырды.

Жобаның тұжырымдамасын әзірлеуге «Театр-декорациялық өнер» мамандануының 3-курс студенттері Гүлсаби Базарбаева, Аружан Касенова, Мадина Калимбекова және Яна Маковий қатысты.

Идеяны жүзеге асыруға «Театр, кино және ТВ костюмінің сценографиясы» мамандануының 3-курс студенттері Аяжан Аркашева, Аружан Бекболатова, Айсана Ғалы, Аяулым Еңбек және Нұрай Мырзалиева атсалысты.

Халықаралық биеналеге қатысу жас суретшілерге өздерінің шығармашылық ізденістері мен идеяларын халықаралық деңгейде таныстыруға мүмкіндік берді.

Инсталляция туралы ақпарат Тбилиси сценография биенналесінің ресми сайтында жарияланды.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.