«ҚАРАҒЫМ-АЙ» - Кеңес Дүйсекеевтің әндеріне арналған кешіне шақырамыз!
20 қарашада қазақ музыкасының көрнекті өкілі Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған концерт өтеді.
Сүйікті әндеріңізді Нұрлан Өнербаев, Алтынай Жорабаева, Айгүл Иманбаева, Сембек Жұмағалиев, Құрмаш Махан, Әлібек Әлмәдиев, Құралай Мейрамбек және Айдын Жұмабайдың орындауында тыңдаңыздар!
Концертте «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі (көркемдік жетекшісі - Ержан Исин) және Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің талантты студенттері де өнер көрсетеді.
Кеңес Дүйсекеевтің көпшілікке таныс, көңілге жақын әндері бір сахнада қайта шырқалады.
20 қараша | сағат 19:00
Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Үлкен концерт залы
Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 50.
Ұйымдастырушылар - SHABYT ASTANA қоры және Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті.
Билеттер Ticketon.kz сайтында.