УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

Күләш Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ-де скрипка мен виолончельде орындау шеберлігіне арналған шеберлік сабағы өтті


Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Вена орындаушылық мектебі: дыбыс өнері. Скрипка мен виолончель: техника, ансамбль және интерпретация» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

Студенттерге кәсіби шеберліктің қыр-сырын скрипкашы Жәңгір Жұбанов (Қазақстан) пен виолончельші Константин Шёнер (Австрия) таныстырды. Жәңгір Жұбанов – Junge Philharmonie Wien оркестрінің концертмейстері және StrußCapelle Wien музыканты. Константин Шёнер – халықаралық байқаулардың лауреаты, Вена опера оркестрі виолончель тобының солист-концертмейстері.

Шеберлік сабағы барысында қатысушылар еуропалық оркестрлік дәстүрдің ерекшеліктерімен, дыбыс қалыптастыру, артикуляция, музыкалық фраза мен интонацияны жеткізу тәсілдерімен танысты. Сонымен қатар ансамбльдік үйлесім мен музыкалық шығармаларды көркемдік тұрғыдан түсіндіруге ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында университет басшылығы шақырылған музыканттарға студенттердің кәсіби дамуына қосқан үлесі және халықаралық тәжірибе алмасуға атсалысқаны үшін алғыс хаттар табыстады.

Шеберлік сабағы жас музыканттарға еуропалық орындаушылардың тәжірибесін меңгеруге, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және орындаушылық шеберлігін шыңдауға мүмкіндік берді.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.