УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

К. Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ студенттері халықаралық театр фестивалінде жеңіске жетті


2026 жылғы 5-8 қазанда Түркістан қаласында TÜRKSOY халықаралық ұйымы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен IV Халықаралық түркі әлемі студенттік театрлар фестивалі өтті. Фестивальге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан және Түркияның шығармашылық ұжымдары қатысты.

К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Драма театры және кино артисі» мамандығының 4-курс студенттері Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасын сахналады. Қойылымның жетекшісі – профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қымбат Рамазанқызы Тілеуова.

Спектакльдің басты ерекшелігі – оның алты түркі тілінде қойылуы. Студенттер қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, әзербайжан және түрік тілдерінде өнер көрсетіп, түркі халықтарының рухани-мәдени сабақтастығын сахна арқылы жеткізді.

Фестиваль қорытындысы бойынша университет студенттері «Үздік тарихи спектакль» номинациясында жеңімпаз атанды.

Бұл жетістік университеттің шығармашылық әлеуетін, ұлттық театр өнерінің бай мұрасын және түркі халықтарының мәдени байланыстарын дамытуға қосқан үлесін айқын көрсетеді.


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2026 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.