УНИВЕРСИТЕТ

ОҚУ ПРОЦЕСI

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕР

СТУДЕНТ

ҒЫЛЫМ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Новости


 

«ОБОН»  байқауының  жеңімпаздары

ІІІ Халықаралық  П.Ф.Шубин  атындағы  «ОБОН»  жас орындаушылар байқауы Қырғызстанның астанасы Бишкек қаласында Орталық балалар музыка мектебінде өтті. Байқауға келесі елдердің жас музыканттары қатысты:
Қырғызстан
П.Ф. Шубин  атындағы  ОБММ, Бишкек;
М.Абдраев  атындағы  РМОММ, Бишкек;
С.Бекмұратов  атындағы  №1 БММ, Ош;
П.Чайковский  атындағы  №2 БММ, Ош;
А.Джұмахматов атындағы  №1 БММ, Кант;
К.Орозов атындағы  №1 БММ, Чулпон-Ата;
№4 БММ, Бишкек;
№5 БММ, Бишкек.
Қазақстан 
А. Жұбанов атындағы РМОММ, Алматы;
К. Байсейітова атындағы РМОММ, Алматы;
М.Төлебаев  атындағы  №5 БММ, Алматы;
ҚазҰӨУ  Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Астана.
Өзбекстан   
В.Успенский  атындағы РМОММ, Ташкент.
Конкурсқа қатысқан Астана қаласы ҚазҰӨУ-нің Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының екі шәкірті - 5-сынып оқушысы Ермекбаев Мирас  және  3-сынып оқушысы Сериккали Ален өздерінің жас топтарында 1-ші орындарды жеңіп алды. Педагог Айжан Еркінқызы  Кульджанованың  шәкірттері байқауға қатысқан басқа өнерпаздарға ешқандай мүмкіндік қалдырмады.
ҚР білім саласының құрметті қызметкері, педагог Айжан Еркінқызы Кульджанованы кезекті жетістіктерімен құттықтай отырып, жеңістен жеңіске жете беруіне тілегімізді білдіреміз!


ҚазҰӨУ қоғамдық қабылдауы

Бұл жерден Сіз жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өз сауалыңызды жолдай аласыз.

Copyrights © 2024 Қазақ ұлттық өнер университеті. All rights reserved.